Выйти
RU

Шөкеев: "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып бер" деген талап қисынсыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының әкімі жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарының талабын қисынсыз деп атады. Бұл туралы ол арнайы брифинг кезінде айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шөкеев: "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып бер" деген талап қисынсыз

Өмірзақ Шөкеев. Фото: Тұркістан облысы әкімдігі

Бүгін Шымкент қаласын уақытша паналаған көптеген арыстықтар Ақмешіт мешітінің алдында наразалық ұйымдастырып, Шымкенттің көшелерінен жаяу жүріп өтіп, жергілікті билікке өз талаптарын қойды.

"Арысқа қайта оралмаймыз, үйлерімізге барудан қорқамыз", - деген тұрғындар Шымкент немесе Түркістан облысынан үй мен жер беруді талап етті.

Алайда бұл талапты орындау ақылға сыймайды екен.

«Кейбір азаматтар осы сын сағатты пайдаланып провакация жасағысы келеді. Оған жол бермеу керек... Тұрғындардың "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып беріңдер" деген талаптары қисынсыз», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, Арыста жарылыс кезінде зақым келген нысандар мен үйлер бір айдың ішінде қалпына келтірілетін болады. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шөкеев: "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып бер" деген талап қисынсыз