RU
Алматыда ішімдікке тойып алған ер адам 17 қабаттан секірмек болды

Алматыда ішімдікке тойып алған ер адам 17 қабаттан секірмек болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда учаскелік полиция инспекторы ащы суға сылқия тойып алып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер азаматтың өмірін құтқарып қалған деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

"Кеше кешке 102 кезекшілік бөліміне алаңдаулы тұрғындардан қоңырау келіп түсті. Олар Бостандық ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адамның 17 қабаттағы балконнан секірмек болып тұрғанын хабарлады.
Жедел кезекші дереу жақын жердегі полиция нарядтарын бағыттады. Оқиға орнына бірінші болып учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Әділбек Қозыбеков жетіп келді", - Бостандық ауданы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев құтқару операциясының егжей-тегжейін баяндап берді.

Аға лейтенант Қозыбеков өзін-өзі өлтірмек болған адамның жанына жақынырақ бару үшін онымен сөйлесіп, мұндай қадамға неліктен барғанын сұрап уақытты созған.

Ер адамға темекі ұсынған Қозыбеков оңтайлы сәтті пайдаланып, оны ұстап алып кіреберіске алып кірген.

Құтқарылған азамат мас күйде болған. Ол жеке басын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Бір сағаттық әңгімеден кейін оны жібердік. Ер адамның Жамбыл облысының тумасы екені анықталды. 1992 жылғы. Істің осылай аяқталғанына шынымды айтсам, қуаныштымын", - деді полиция аға лейтенанты Әділбек Қозыбеков.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel