RU
Қирап қалған Арыс бір ай ішінде қалыпқа келеді: Шөкеев мәлімдеме жасады

Қирап қалған Арыс бір ай ішінде қалыпқа келеді: Шөкеев мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Жарылыстан қирап қалған Арыс қаласы 1 айдың ішінде толықтай қалпына келтіріледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабалайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қирап қалған Арыс бір ай ішінде қалыпқа келеді: Шөкеев мәлімдеме жасады

Өмірзақ Шөкеев. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі/архив

Тағы оқыңыздар:

Арыстық жұрттың шеруі: Шымкентте бүгін не болды? (фото, видео)

Шөкеев: "Арысқа бармаймыз, басқа жерден үй салып бер" деген талап қисынсыз

"Алла емеспін": Әбдірахымов арыстықтарға қолдан келгенін жасап жатқанын айтты

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы брифинг өтті. Онда сөз сөйлеген облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы жалпы ахуал туралы баяндады.

«Қазіргі таңда Арыстағы төтенше жағдай толықтай бақылауға алынды. Өрт ошақтары сөндірілді, алаңдауға еш негіз жоқ», - деген Шөкеев ертең, яғни, 258 маусым күні таңғы 8-ден бастап тұрғындарды Арыс қаласына жеткізу жұмыстары басталатынын айтты.
  • Ол үшін облыс пен Шымкент қаласында орналасқан 66 эвакуациялық пунктерде таңғы сағат 6-дан бастап арнайы автобус тұрады.
  • Ал жеке көліктері бар азаматтар үшін қала сағат 12-ден бастап ашылады.
«Өздеріңіз білесіздер, бұл төтенше жағдай елімізде бұрын-соңды болмаған апат болып отыр. Халық өте шыдамдылық пен ұйымшылдық танытты.

Халықа өз атымнан рахметімді айтамын. Елдегі барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар бәрі жабылып ұйымдасқан түрде зардап шегушілерге көмектесіп жатыр.

Бұл бір жағынан апатты жағдайда, сын сағатта елдігімізді көрсетті. Кейбір азаматтар осыны пайдаланып провакация жасағысы келеді. Оған жол бермеу керек», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, жарылыс кезіне зақым келген үйлер мен түрлі нысандар қалпына келтіру жұмыстары 1 айдың ішінде толық жүзеге асады.

Ол үшін еліміздің барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдігі көмекке келеді.

«Тұрғындар үйлеріне кірген соң акт жасалады. Онда қай жерге қандай зақым келді солар түзеліп, жөндеу жұмыстарының жоспары бекітіледі.

Қаланы қалпына келтіру үшін 17 секторға бөліп тастадық. Әр секторға 400-450 үйдей еніп отыр. Коммерциялық нысандар да жөндеуден өтеді», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен бірге, облыс әкімі тұрғындарға үйлеріне кіргенде қандай да бір күдікті зат байқаса немесе ұрлық әрекеттері орын алғанынан күдіктенсе, дереу 102-ге хабарласуларын өтінді.

"База (автор: әскери база) кетсе, Арыс қаласының келешегі зор деп ойлаймын. Бүкіл Арыс қаласының тұрғындарын ауызбіршілікке шақырамын. Қаланы бірге көркетейік. Арыс жарылысқа дейінгі жағдайдан да көркейетін болады", - деді Өмірзақ Шөкеев. 
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel