RU
Министрлік Қанат Бозымбаевтың жол апатына түскені туралы қауесетке пікір білдірді

Министрлік Қанат Бозымбаевтың жол апатына түскені туралы қауесетке пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бүгін БАҚ беттерінде энергетика минитсрі Қанат Бозымбаев жол апатына түсті деген ақпарат пайда болды. Жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды деген қауесеттер де тарап кеткен. Алайда, ол шындыққа жанаспайтын болып шықты. Министрдің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: DayNews.kz

Фото: DayNews.kz

Бозымбаевтың жол апатына түскені туралы ақпараттың жалған екенін баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында хабарлаған.

Оның сөзінше, жалған ақпаратты өз тыңдармандарына радиостанциялардың бірі жеткізген.

"Эфирде энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың адам өлімімен аяқталған жол апатына түскені туралы ақпарат шыққанына байланысты энергетика министрлігі ресми түрде хабарлайды: Ақпарат шындыққа жанаспайды" , - деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек.

Ол министрдің дені сау, толығымен жұмыс үрдісінде жүргенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel