Выйти
RU

Қанат Ислам: Рингке қайта оралар сәтті асыға күттім

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Боксшы Қанат Ислам аяғынан алған жарақаттан кейін рингке оралуға әзір екенін мәлімдеді. Спортшы жанкүйерлеріне "таңқалдырарлық шоу" көрсетуге уәде берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Менде біраз үзіліс болды, қайтадан шаршы алаңға оралу оңай емес. Өмірде аздаған қиындықтар болып тұрады, алайда оның бәрі уақытша. Мен рингке оралу үшін бар ынтаммен дайындалдым, осы сәтті асыға күттім. Күткен уақытым жеткен сияқты. Жанкүйерлерім үшін үздік ойын көрсетемін", - деді Қанат Ислам 27 маусым күні Алматыда өткен жаттығудан кейін.

Былғары қолғап шебері алдағы жекпе-жектегі қарсыласы доминикалық Хулио де Хесус болатынын жеткізді.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы кездесу 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Бұл айқаста спортшылар WBO Inter-Continental белбеуі үшін таласады.

Қанат Ислам соңғы рет рингке өткен жылдың қыркүйек айында шығып, канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңді. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қанат Ислам: Рингке қайта оралар сәтті асыға күттім