RU
"Барлығы үшін Шымкентке рахмет": Арыс жұрты өз үйлеріне қайта бастады (фото)

"Барлығы үшін Шымкентке рахмет": Арыс жұрты өз үйлеріне қайта бастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 28 маусым күні таңнан бастап Арыс тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады. Шымкенттегі Ақмешіт мешітінен адамдар мінген алғашқы автобус аттанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

арыссс

Фото: NUR.KZ

Арыстық жұртшылықты автобустар мен микроавтобустар таситын болады.

Көптеген жанұя өздері бірнеше күн эвакуациялық пункттерде болған Шымкент қаласынан үйлеріне қайтуда.

"Барлығы үшін шымкентке рахмет. Барша тұрғындар атынан кешегі оқиға үшін кешірім сұраймын. Біз үйге қайттық", - деді Меруерт Қарабаева есімді әйел.
арыссс

Фото: NUR.KZ

Блогер Яков Федоров өзінің Facebook парақшасында азаматтарға Арысқа оралу үшін еріктілер көмектесетінін айтты.

Белсенді жігіт өзі де сол қалада болып, бүгін ол жақта не болып жатқанын көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

арыссс

Фото: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 27 маусым күні Арыс тұрғындары Шымкентте шеруге шықты. Өз үйлеріне қайтуға қорқатынын айтқан олар Шымкенттен немесе Түркістан облысынан баспана беруді талап етіп, қала көшелерімен жүріп өтті.

Ал арыстықтармен мәмілеге келмек болған Шымкент әкімі халықтың үшінші мегаполистен үй беру жөніндегі талаптарына жауап берді.

Сөзін тыңдамаған тұрғындарға ашуланған Ғабидолла Әбдірахымов өзінің "Құдай емес екенін" алға тартып, қолдан келгеннің бәрін ажсап жатқанын айтты.

Артынша Түркістан облысының әкімі БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, арыстық адамдарың талабын қисынсыз деп атады.

Өмірзақ Шөкеев бір күнде жойылып кете жаздаған қаланы бір ай ішінде қалыпқа келтіретіндерін де мәлімдеді.

Одан соң оқиғаға куә болған еріктілер қала көшелерінде орын алған жағдай туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, ашуға булыққан Арыс тұрғындарының көшеде айқайлап, тағы бір жаңа талап қойғандары белгілі болды.

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті шерушілерге ешқандай шара қолданылмайтынын айтты

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel