Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ататын боламын": Атамбаев өзін ұстаса, қорғанатынын айтты

Опубликовано:

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев билік қамауға әрекет еткен жағдайда, қарсылық білдіретінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото : Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі
Алмазбек Атамбаев. Фото : Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі: Facebook

Бұл туралы Sputnik Ближнее зарубежье Тelegram-арнасында жарияланды.

"Қарсыласатын боламын. Менің таңдаулы қаруларым бар. Мен ататын боламын", - деген Қырғызстанның бұрынғы президентінің сөздерін жеткізді.

Еске сала кетсек, Алмазбек Атамбаев Қырғызстан Республикасының экс-президенті атағынан айырылды. Сондай-ақ, ол автоматты түрде дербес құқықтылыққа да ие емес.

Бұндай шешімге Жогорку Кенеш депутаттары дауыс беру арқылы келді.

Айта кетейік, енді елдің бұрынғы басшысын құқық қорғау органдары ұстауға құқылы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802030-atatyn-bolamyn-atambaev-zin-stasa-korganatynyn-ajtty/

pixel