RU
Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне жетті (фото)

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне жетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы бойынша 10 мыңнан астам Арыс тұрғыны Шымкент қаласындағы және жақын өңірлердегі эвакуациялық пунктерді паналаған болатын. Бүгін олардың бірқатары өз үйлеріне жетті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал әзірге псиxологиялық тұрғыда дайын емес және түрлі себептермен Арысқа оралудан бас тартқан тұрғындар эвакуациялық пунктерде қалды.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, оларға қарастырылатын көмек тоқтамайды.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан облысының әкімі жарылыс салдарынан тауып отырған нәпақасынан айырылған тұрғындарды сабырлыққа шақырды. Себебі оның бәрі қалпына келтіріледі.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазіргі таңда тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша бөлініп, жеткізілуде.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

NUR.KZ тілшісі Арысқа оралған xалықтың орналасуы мен қазіргі жағдайы туралы толығырақ материал ұсынатын болады.

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Арыстағы апат: Тұрғындардың алғашқы легі туған жерлеріне келіп жетті (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 27 маусым күні Арыс тұрғындары Шымкентте шеруге шықты. Өз үйлеріне қайтуға қорқатынын айтқан олар Шымкенттен немесе Түркістан облысынан баспана беруді талап етіп, қала көшелерімен жүріп өтті.

Ал арыстықтармен мәмілеге келмек болған Шымкент әкімі халықтың үшінші мегаполистен үй беру жөніндегі талаптарына жауап берді.

Сөзін тыңдамаған тұрғындарға ашуланған Ғабидолла Әбдірахымов өзінің "Құдай емес екенін" алға тартып, қолдан келгеннің бәрін ажсап жатқанын айтты.

Артынша Түркістан облысының әкімі БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, арыстық адамдарың талабын қисынсыз деп атады.

Өмірзақ Шөкеев бір күнде жойылып кете жаздаған қаланы бір ай ішінде қалыпқа келтіретіндерін де мәлімдеді.

Одан соң оқиғаға куә болған еріктілер қала көшелерінде орын алған жағдай туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, ашуға булыққан Арыс тұрғындарының көшеде айқайлап, тағы бір жаңа талап қойғандары белгілі болды.

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті шерушілерге ешқандай шара қолданылмайтынын айтты

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel