RU
"Балаларға ата-аналарын қайтарыңыз": Зеленский Путинге үндеу жасады
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Балаларға ата-аналарын қайтарыңыз": Зеленский Путинге үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Украина басшысы Владимир Зеленский президенттік лауазымға отырғаннан кейін ресейлік әріптесі Владимир Путинге бірінші рет үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Путин, Владимир Зеленский. Фото: Диалог.UA

Владимир Путин, Владимир Зеленский. Фото: Диалог.UA

Украина көшбасшысы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті.

Баспасөз мәслихатында Зеленский күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол украинаның сыртқы істер министрлігі Керч бұғазында ұсталған кемешілер бойынша Ресейге жауап нотасын өзіне көрсетпей жібергенін атап өтті.

"Мен Украина президенті Ресей Федерациясына жіберген біздің жауапты көрмедім. Себебі Климкин мырза мұндай мәселелерді Украина президентінің талқылауын дұрыс деп санамайды", - деді ол.

Мемлекет басшысы сырты істер министр Павел Климкиннің президенттің құзыреттілігіне кіретін шешімді қабылдағанына шағымданды.

Ол бұл жағдай украиндықтарға, соның ішінде теңізшілерге қауіп төндіретінін атап өтті.

ТАСС басылымының таратқан ақпаратына сәйкес, Зеленский мемлекеттің халықаралық қадамы туралы интернеттен еститінін айтқан.

Одан бөлек, украиналық басшы ресейлік әріптесі Владимир Путинге Ресей Федерациясында қамауда отырған кемешілерді босату туралы өтініш жасады.

"Президент Путинге үндеу жасағым келеді. Барлығымыздың балаларымыз бар. Балаларға ата-аналарын қайтарыңыз", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel