Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дания Еспаева: Сайлауға Ақорданың сценариі бойынша түспедім

Опубликовано:

Биылғы сайлауда президенттікке үміткер атанған Дания Еспаева Ақорданың сценариімен сайлауға түспегенін мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Khabar.24
Фото: Khabar.24: UGC

Дания Еспаева басылым тілшісінің саясаткерлердің "президенттікке үміткер ретінде әйел адамның кандидатурасын ұсыну арқылы қазақстандықтардың Дариға Назарбаева кандидатурасын ұсынса, сол шешімді қалай қабылдайтынын білгісі келді» деген пікіріне қатысты сауалымен келіспейтінін атап өтті.

"Ондай пікірмен келіспеймін, егер ол Ақорданың сценарийі болса, онда біздің съезде президенттікке үміткер ретінде бірден бірнеше кандидатты ұсынбаушы еді. Соңына дейін "Ақ жол" партиясы мүшелері менің кандидатурамды бекітеді дегенге толық сенбедім", - деді Еспаева.

Сондай-ақ ол сайлауда өрескел заң бұзушылықтарға жол берілмегендігіне және өзіне берген дауысты "тартып алды" деген пікірмен де келіспейтіндігін мәлім етті.

"Әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтар туралы ақпарат тарады, бірақ ол сайлау нәтижелеріне әсер етті деп ойламаймын. Мен оған баға бере алмаймын, әр оқиғаны құзырлы органдар өздері зерттейді.

Әрине әр үміткер оған кем дегенде 70% дауыс берді деп ойлауы мүмкін, бірақ шыншыл болу керек деп ойлаймын", - деді экс-президенттікке үміткер.

Ол сайлауда жеңіліс тапқанына еш өкінбейтінін жеткізді.

"Әрине жоқ. Мен ол кісіні бұрынғы қызметінде көп жұмыс атқарып, мемлекеттік басқару, саясатта өзіндік тәжірибесі бар адам деп білемін. Мұндай адаммен сайлауға түсудің өзі үлкен мәртебе және ондай додадан жеңілудің өзі ұятты жағдай емес", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында Дания Еспаева 5,05% жинап, ел тарихында алғаш рет президенттік үміткер ретінде түскен әйел адам ретінде есте қалмақ. Сайлауда 70%-дан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802074-dania-espaeva-sajlauga-akordany-scenarii-bojynsa-tspedim/

pixel