RU
"Басқа қыздар үшін қорқамын": Алматыда Медеуде қыз зорлаған азаматқа үкім шықты

"Басқа қыздар үшін қорқамын": Алматыда Медеуде қыз зорлаған азаматқа үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық Медеу аудандық сотында Медеу мұз айдыны маңындағы дәретханада қыз зорлады деп айыпталған 1988 жылы туған азаматқа үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сот оны 120-баптың 1-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол бір ай ішінде 300 мың теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуі тиіс.

Ал жәбірленуші аппеляцияға беру, бермеу туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ.

"Үкім мені қанағаттандырған жоқ, бірақ бәрі заң жүзінде қарастырылады. Апелляция жөнінде ойланып көремін. Әрине, мен үкіммен келіспеймін, себебі адам өзгермейді. Оның зорлауға қатысты екі үкімімен қоса, бірнеше әкімшілік құқықбұзушылықтары болған. Алғаш рет ол жәбірленушімен табысып, екінші рет бас бостандығынан айырылған. Бірақ, шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Мен өз жағдайымда оған үш жарым жыл беріп, артынан мерзімінен бұрын босап шыққанын қаламаймын. Мен содан қорқамын. Басқа қыздар үшін қорқамын", -деді жәбірленуші.

Сондай-ақ, ол қылмыскердің туыстары өзін аңдып жүргені жайында айтты. Зардап шегушінің сөзінше, сотталушының әйелі оның досымен бірге аулада отырып, қарауылдаған екен. Онысы аздай, ұялы телефонына хабарласып, қоқан-лоқы көрсетеді дейді.

"НеМолчиДетиKZ" қозғалысы директоры Алмат Мұхамеджановтың сөзінше, сегіз жылдың ішінде 120- бап бойынша сотталушыға үшінші рет үкім шыққан.

"Өте бай криминалдың биография. Барлығы заң жүзінде іске асырылғанымен, өте жеңіл",- деді ол.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда әрбір үш сағат сайын бір әйелді, күн сайын екі баланы зорлауда.

"Мұндай зорлық-зомбылық көп жағдайда осындай жеңіл заңның арқасында орын алады", - деді Мұхамеджанов.
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
9
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel