Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзге жігіттен жүктімін": Күйеуімен алты ай бұрын ажырасқан әйел сырын ақтарды

Опубликовано:

Жолдасымен жарты жыл бойы бөлек тұрған келіншек не істерін білмей жүр. Өйткені, осы уақыт аралығында заңды түрде ажыраспаған әйелде басқа азамат пайда болған деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: ok.ru
Көрнекі фото: ok.ru: UGC
"Жарты жыл болды жолдасыммен ажырасқалы, бірақ заңды түрде ажыраспадық, тек бөлек тұрамыз. Бөпеміз жоқ, менде түсік болған, баланы қатты армандаған едік. Ажырасқаннан кейін менде басқа адам пайда болды, уйленбеген бойдақ жігіт. Ол мен туралы бәрін біледі. Менің бөпелі болсам деген арманым орындалды, бірақ жолдасымнан емес, кейінгі жігітімнен. Бүгін білдім, жеті апталық екен, жүрегі соғып тұр",-деп бастады ол әңгімесін.

Ал қазір келіншектің күйеуі қайта қосылуды ойлап жүр екен.

"Жолдасым қосылайық деп қайта-қайта айтып жүрген, ал мен ойланып жүргенмін. Сөйтіп жургенде жүкті екенімді біліп отырмын. Ол жігітке жүкті екенімді айтқым келмейді, бірақ баланы да алдыртқым келмейді! Не істерімді білмей басым қатты",- дейді ол.

Жүрегі қарс айырылған әйел көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802096-zge-zigitten-zktimin-kjeuimen-alty-aj-bryn-azyraskan-jel-syryn-aktardy/

pixel