Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасым бар": Жігер Ауыпбаев алғаш рет жеке өміріне қатысты құпияны ашты

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев алғаш рет жанұясы туралы айтты. Ол әйелімен 2010 жылы шаңырақ көтергенін мәлімдеді. Бұл туралы "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жігердің айтуынша, сүйген жары өзін жарнамалағанды ұната бермейді.

"Отбасым бар. Бірақ, алдағы уақытта отабсымның ішкі тіршілік тұрмысымен, жақсылап тұрып таныстырамын. 2010 жылы үйлендік, тоғыз жыл болыпты ғой. Ол кісі өзін жарнамалағысы келмейді, айтқысы келмейді. Одан кейін көбіне мені ойлайды. Бұрын шетелдің әншілеріне тыңдарман болып көрген. Сондықтан, ол тыңдарманды түсінеді.
Андрей Губин бе, басқа ма, Ресейдің бір әншісіне ғашық болған екен. Фотоларын жинап, соның өмірбаянына қызығып жүріпті. Ол үйленді деген кезде тыңдамай кеттім дейді. Бұл жерде өнеріне емес, өзіне ғашық болған.
Сол сияқты, "сіздің де тыңдармандарыңызды ойлаймын, жаным ашиды" дейді. Басында үйленгенде тойымызды телеарна көрсетті. Содан кейін біраз жерге сұхбатқа шақырды, өзі бармай қойды. Instagram-да да отырмайды", - дейді ол.

Әнші өз өнерін паш ететін сахна мен өмірінің мәні-отбасын араластырмауды дұрыс деп шешкен екен.

"Бұл өнер, сахна жақ. Менің шабытпен туған дүниелерімді арнайтын жер болса, ал отбасыма барғанда тынығамын. Өте шынайы, пәк орта. Ол жерге кірбің кіргізгім келмейді", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802137-otbasym-bar-ziger-auypbaev-algas-algas-ret-zeke-mirine-katysty-kpiany-asty/

pixel