Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде сахнаға купальникпен шығудан бас тартқан қазақ қызы байқаудан шеттетілді

Опубликовано:

"Ресейдің жас аруы" байқауында бағын сынамақ болған мәскеулік Дина Қожасаева даулы оқиғаға тап болды. 15 жастағы қазақ қызы сахнаға суға шомылатын киіммен шығудан бас тартып, ақыр-соңы сұлулық сайысынан шеттетілген деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Дмитрий Дубинский
Фото: Sputnik / Дмитрий Дубинский: Getty Images

"Мәскеудің жас аруы", "Ресейдің жас аруы" сынды байқауларда топ жарған Диана "Ресейдің жас аруы" сайысына іріктеу кезеңсіз өткен болатын.

Бұған дейінгі байқауда да бойжеткен ашық киіммен шығудан бас тартқан еді.

Sputnik-ке арудың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, байқау ұйымдастырушысы бұл талаптың ескерілетініне сендіріпті. Алайда байқаудың соңына қарай бәрі өзгеріп шыға келген.

Байқаудың соңғы күні 26 маусымда Мәскеу қаласында өтті. Қатысушылар сахнаға төрт рет шығуы тиіс болатын.

"Режиссер Константин Костин Динаның суға шомылатын ашық киіммен шығуын талап ете бастады. Алайда бұл мәселе бұған дейін келісілген болатын. Дәл соңғы уақытта Дина айтқан киімді кимесе, байқаудан шеттетіледі деді. Қызым келіспеді. Сондықтан Дина байқауға қатысқан жоқ. Сахнаға тек екі-ақ рет шықты. Динаның ұлттық киімі үшін сыйлық берілді. Бірақ оны сахна сыртында табыстады", - деді Динаның анасы.
Фото: отбасылық мұрағаттан
Фото: отбасылық мұрағаттан: Instagram

Алайда, қазақ қызы бұл жайтқа бола мойымаған. Оған қоса, ол өзін жеңілдім деп санамайтынын айтты. Бірақ байқауға барып тұрып, қатыспағаны өкінішті болғанын мойындайды.

"Мен өзімді елден ерекшемін деп санамаймын. Бірақ сахнаға жартылай жалаңаш шыға алмаймын", - деді Дина.
Фото: отбасылық мұрағаттан
Фото: отбасылық мұрағаттан: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802138-resejde-sahnaga-kupalnikpen-sygudan-bas-tartkan-kazak-kyzy-bajkaudan-settetildi/

pixel