Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Повсюды ты" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі туралы не білеміз?

Опубликовано:

2019 жылғы жаздың ең үздік телехикаялардың бірі - "Повсюды ты" комедиясы. Алғашқы бөлімдерінен-ақ кино сүйер қауымның жүрегін жаулап алды. Телехикая желісіне сай, бір-бірін мүлде танымайтын екі жас алаяқтарың құрығына түсіп, бірге бір үйде тұруға мәжбүр болады. Қызығы мен шыжығы көп жастардың өмірінде қандай жағдайлар орын алады екен?

Фото: turkis-ser.ru
Фото: turkis-ser.ru: UGC

"Повсюды ты" телехикаясының желісі

Желі бойынша Керем есімді жігіт жаңа баспанаға көшуге қамданып жүреді. Зәулім үйді жалға алған азамат бұл үйге тек бір өзі үміткер емес екенін кеш біледі. Жігітпен бірге үйге көркіне көз тоймайтын Селин есімді бойжеткен көшіп келеді. Алаяқтардың құрбарнына айналғандарын түсінген жастар амалсыздан бірге тұруға мәжбүр болады. Дәл осы сәттен бастап екеуінің өмірінде қызықты жайттар орын ала бастайды. Одан бөлек Керем мен Селиннің бір-біріне деген сезімдері оянады.

"Повсюды ты" телехикаясының кейіпкерлері

Айбюке Пусат (Селин)

Айбюке Пусат 1995 жылы Анкара қаласында дүниеге келді. Актрисаның түп тамыры татардан тараған. Оның есімі татар тілінен аударғанда "ай жарығының сарбазы" деген мағынаны білдіреді. Стамбулдағы би мен балет униыерситетін тәмамдаған актриса өнер жолын биші болып бастаған.

Нәтижесінде "Турция аруы" байқауына қатысып, үшінші орынды иеленді. Содан кейін сәнқой мансабымен айналысты. Актриса ең алғаш рет "Прилив" фильміне түсіп, кең танымалдыққа ие болды. Дәл осы туынды оның болашағын айқындай түсті.

Қазіргі таңда актрисаның жеке қорында жетіге жуық хикая мен фильмдер бар.

Ол 2017 жылы әскери тақырыпта түсірілген "Обещание" телехикаясында түсті. Сондай-ақ Айбюке 2018 жылы "Соколиный холм" телехикаясына шақырту алып, басты рөлді сомдап шықөты.

Алайда төмен рейтингтерге байланысты продюссерлер хикаяны бірнеше бөлімдерінен кейін жауып тастады. Дегенмен осы қысқа уақытта актриса көрермендерінің жүрегін жаулай алды.

2019 жылы жазда шыққан "Повсюды ты" коммедиясында актриса кино сүйер қауымға басқа қырынан таныла бастады.

Фуркан Андыч (Керем)

Фуркан Андыч 1990 жылы Стамбұлды туған. 19 жасында оқуын жалғасытру үшін Киевке кетеді. Актер оқуын жақсы аяқтап, Түркияға қайта оралады.

Туған жерінде Фуркан телевизия саласында жүруге мүмкіндік беретін жарнама агенттігіне жұмысқа кіреді. Ол ең алғаш рет 2011 жылы "Дневники колледжа" атты көп бөліменен тұратын хикаяда эпизодтық рөлді сомдауға шақырту алды.

Бір жылдан кейін өнер жолын енді бастап келе жатқан актер "Отчаянные домохозяйки" телехиясының түрік нұсқасында ойнады. Дәл осы туындыдан кейін Фурканды түрлі фильмдерге шақыра бастады.

Актерлық мансабында Фуркан 8 фильмге түсіп үлгерді. "Я назвала ее Ферихе" фильмінен кейін актерді күллі түркі халқы тани бастады.

2019 жылы ол "Дети сестер" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Алайда бірнеше бөлімінен кейін басқа туындыға шақырту алып, келісімді бұзған.

Актердің келісімді бұзуына өзге жоба, яғни, "Повсюду ты" телехикаясы негіз болды. 2019 жылдың жазында жарқ етіп шыққан су жаңа туынды көптің көңілінен шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802141-povsudy-ty-telehikaasyny-kejipkerleri-men-zelisi-turaly-ne-bilemiz/

pixel