Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманғали Тасмағамбетов Ержан Максимге қандай ақыл-кеңесін берген?

Опубликовано:

Ержан Максимнің анасы Мәскеудегі қабылдау кезінде ұлына Иманғали Тасмағамбетовтың қандай кеңес бергенін айтты. Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі жас әншіге өз ақылын айтқан деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Instagram/maksim_erjan
Фото: Instagram/maksim_erjan: Instagram

Жас таланттың анасы Гүлмира Әлібектің сөзінше, Тасмағамбетов ұлына ой салар сөз айтқан.

"Ол кісінің бізге айтқан тамаша сөзі бар. "Ержан, сен шетел асып, Мәскеуде оқығалы жатырсың. Саған қарап, бүкіл қазақты танитын болады" деген еді. Мен де кейбір кездері оған "Ержан өзіңді дұрыс ұста! Иманғали ағаның сөзін есіңнен шығарма!" деймін. Ол маған "Жақсы, мама" деп, сабырға келетін кездері бар", - дейді әншінің анасы Гүлмира Әлібек.

Айта кетейік бүгін яғни 28 маусымда Нұр-Сұлтанда Ержан Максимнің жеке концерті өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802144-imangali-tasmagambetov-erzan-maksimge-kandaj-akyl-keesin-bergen/

pixel