RU
Шымкентте митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында митинг ұйымдастырған азаматтар анықталды деп хабарлайды "Хабар 24".

Фото: inbusiness.kz

Фото: inbusiness.kz

Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодексінің 274 бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Наразылық шеруіне қатысқандар екі сағатқа созылған түсіндіру жұмысынан кейін тарап, үйлеріне қайтқан.

Олар Шымкент басшылығынан жер телімі мен үй талап еткен.

"Азаматтарды билікке бағынбауға шақырғандарға қатысты істі қозғадық. Процессуалдық шешімді қабылдауға дайынбыз. Рұқсатсыз шеруді ұйымдастырғандардың басты мақсаты не? Бұған келуге не итермелегенін анықтаймыз", - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кететін жайт, құқық қорғау органдары тарапынан митингке шыққандарға қарсы күш қолданылмаған.

Сіздің реакцияңыз
21
3
0
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel