RU

Асхат Аймағамбетов студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: umihelp.com
Фото: umihelp.com: UGC
"Жақында президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің шәкірақысы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балаларына берілетін білім беру гранттарының санын көбейтуді тапсырды. 

Сонымен қатар, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы артатын болады.

Осы тапсырмалар аясында жоғары оқу орындарында қосымша 5 мың грант бөлінсе, стипендияның көлемі 30 процентке көбейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1802149-ashat-ajmagambetov-studentter-skirtakysyny-kansaga-setinin-ajtty.html