Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз?

Опубликовано:

28-ші маусымда Бақытжан Сағынтаев президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылып, Алматы әкімі болып тағайындалды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ оңтүстік астананың жаңа басшысы туралы деректерді назарыңызға ұсынады.

Фото: yunews.kz
Фото: yunews.kz: UGC

Ашық дереккөздің мәліметінше, Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қыркүйек күні Жамбыл облысы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Бақытжан Әбдірұлы Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономист мамандығын бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы.

Өзінің еңбек жолын Бақытжан Сағынтаев 1985 жылы өзі үш жылға қызмет атқарған Алматы халық шаруашылығы институтының Саяси экономика кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған.

Содан кейін Киров атындағы жоғары оқу орнына оралды. Ол жерде ол ассистент, аға оқытушы, әлеуметтану кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.

КСРО ыдырағаннан кейін Бақытжан Әбдірұлы бір жылға жуық "Маруе" туристік-коммерциялық фирмасының президенті болып жұмыс істеді.

Содан кейін 1993 жылдан 1997 жылға дейін "Қызмет" АҚ-ның бас директордың орынбасары қызметінде болды.

Бір жыл бойы "ЛУКОЙЛ-нефтегазстрой-К" бас директорының орынбасары, бас маман болып жұмыс істеді.

90-шы жылдардың соңында ол мемлекеттік қызметке келді. 1998 жылдың ақпан айынан 1999 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

1999-2004 жылдары Бақытжан Сағынтаев ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқармасының төрағасы, ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2004 жылдың қыркүйегінде ол ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы болды.

2007 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін ҚР премьер-министрінің Кеңсесін басқарды.

2012 жылдың қаңтарына дейін Павлодар облысының әкімі қызметінде болды.

2012 жылдың ішінде бірнеше ай бойы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігін басқарды, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі міндетін атқарды.

Содан кейін 2016 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

Бақытжан Сағынтаев 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан үкіметін басқарды. Бұл қызметті ол ағымдағы жылдың 21 ақпанына дейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін үкімет отставкаға кеткен кезге дейін атқарды.

Сол күні үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Асқар Мамин тағайындалды. Көп ұзамай ол премьер-министр лауазымына бекітілді.

Өзінің бұрынғы лауазымына – Қазақстанның мемлекеттік хатшысы – Бақытжан Әбдірұлы 1 наурызда тағайындалды. Осылайша, ол осы лауазымда үш аптадан сәл артық, яғни, 23 күн жұмыс істеді.

Ол әкімшілік басшысы лауазымында 2019 жылдың 24 наурызынан бүгінгі күнге дейін еңбек етті.

Сағынтаев Ғалия Қаратайқызы Сағынтаевамен (Тұрысовамен) шаңырақ көтерген. Жұбайлардың екі үлкен қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802157-almaty-kalasyny-zaa-kimi-bakytzan-sagyntaev-turaly-ne-bilemiz/

pixel