RU
"Қала тарихындағы ең үздік әкім": Алматылықтар Байбектен кетпеуін сұрауда

"Қала тарихындағы ең үздік әкім": Алматылықтар Байбектен кетпеуін сұрауда

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Instagram-дағы ресми парақшасына оңтүстік астананы көгалдандыру бойынша жасаған жұмыстарының кішігірім фото есебін жариялаған болатын. Оқырмандар қаланың бұрынғы басшысына алғыстарын білдіріп, лауазымында қалып, тұрғындарды жаңа жобаларымен қуантып жүретініне үмітті екендерін де жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Байбек өзінің микроблогында кезекті жазба жариялады.

Айта кетелік, экс-шенеуніктің Instagram ресми парақшасында 39 жазба бар. Олардың барлығы оңтүстік астананың жетістіктері мен іс-шараларына, жандануына арналған.

"Біздің қаламыз одан бетер жасыл әрі әсем болсын", - деп жазды Байбек.

Кадрда бұрынғы әкімнің басшылығымен қаланың абаттандырылып, көгалдандырылғанға дейінгі және кейінгі кейпі бейнеленген.

Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамыз айынан бастап оңтүстік астананы басқарған.

Оны қызметінен босату туралы жаңалық қала тұрғындарының көңілін түсірген. Олар өз сезімдерін жасырған жоқ.

Алматылықтар бұрынғы әкімге атқарған жұмыстары мен қаланы жақсартуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыстарын білдіруде.

Көптеген адамдардың айтуынша, оның қызметінің арқасында оңтүстік астана жайнап, одан әрі әсемдене түскен.

"Жоспарды соңына дейін іске асыруға мүмкіндік бермей отырғаны өкінішті. Барлығы жақсы басталған еді. Сәттілік тілейміз сізге", "Қала гүлдене түсті, кетіп бара жатқаныңыз өкінішті", "Бәрі жақсы басталып, қала жаңадан жанданған еді, өкінішті", "Үлкен кемеге үлкен теңіз қажет", "Бізбен бірге қалыңыз! Қала сіздің көмегіңізбен жанданды!", "Алматы қаласының тарихындағы ең үздік әкім!".
"Көзге түсетін әкім", "Сіз ең үздік әкімсіз, бізге басқаның қажеті жоқ", "Қаланың жасылданғаны, веложолдар үшін сізге рақмет! Тұрғындар бәрі жақсы болады, қуаныңыздар. Автобуспен жылдам жүретін болдық, веложолдар балаларды салауатты өмірге баулыйды".
"Орталықта реттілік пайда болған. Бұрында көлік тұрағы көңіл көншітерлік жағдайды болмаған еді. Қираған жаяу жолға да ешкім назар аудармайтын. Енді келген қонақтарға да көрсетуге ұялмаймыз, "Қытайдан кейін келген едім, біраз нәрсе өзгеріпті. Бұрын бір жерге шығуға құлшыныс болмайтын. Ал енді қала көркейіп кеткен", - деп пікір жазды алматылықтар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 28 маусым күні, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Президент үкімімен қызметінен босатылды.

Алматы қаласының жаңа әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
19
0
0
2
6
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel