RU
Жамбыл облысынан барған бір топ азамат арыстықтарға көмектесуде (фото)

Жамбыл облысынан барған бір топ азамат арыстықтарға көмектесуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Арыс қаласында төтенше жағдайлар орын алған күннің ертесіне-ақ өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Жамбыл облысынан бір топ азаматтар оқиға орын алған аумаққа келіп жеткен болатын. Ақжол ауылындағы штабта қызу жұмыс басталып, облысқа тиесілі 3-сектор бойынша түгендеу шаралары бірден қолға алынған. Жалпы, 3-секторда 327 жеке тұрғын үй, 13 коммерциялық бағыттағы нысан бар.

Жамбыл облысынан барған бір топ азамат арыстықтарға көмектесуде (фото)

Бүгінде қаладағы шипажай аумағында Жамбыл облысының штабы орналасқан. Онда керекті құрал-саймандар, палаткалар қамтылған. 200 адам құрылысқа сақадай-сай.

Жамбыл облысынан барған бір топ азамат арыстықтарға көмектесуде (фото)

Одан бөлек бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап қалаға оралып жатқан арыстықтарды қабылдауға 100 адам бөлінді. Олар өзімізге қарасты 9 көше бойынша арнайы топтарға топтасып, тұрғындарды қабылдап, жайғастырумен, үйлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысуда. Бөлінген топтардыңқұрамындажергілікті полиция, прокуратура органдарының қызметкерлері, саперлар жәнеөзге де мамандар бар. Жергілікті жердегі ақсақалдар да бір кісідей түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылуда.

Фото: Арыс

Сондай-ақ, дәл қазіргі уақытта бөлінісіміздегі аумақта зерттеп-зерделеу шаралары атқарылып, қажеттіліктер анықталуда. Нақты қажеттіліктердің көлемі анықталған соң, жобалық сметалық құжаттар жасалып, тиесілі қаражат бөлініп, қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары бірден басталмақ.

Фото: Арыс

Жамбыл облысына тиесілі 3-сектор жарылыс ошағына өте таяу орналасқандықтан, мұндағы тұрғын үйлер мен нысандардың басым бөлігінде ақаулардың бары анықталған. Екі жеке тұрғын үй мүлде жарамсыз жағдайда. Алайда, тиісті есептеулер жүргізілгеннен соң, бүлінген үйлердің барлығы толығымен қалыпқа келтіріледі.

Фото: Арыс

Айта кетейік, жапа шеккен арыстықтарға қолдау көрсету мақсатында барша жамбылдықтардың атсалысуымен бүгінге дейін 75 тонна азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жеткізілді. Өңірдегі «Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық филиалдарында қабылдау пунктері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта жиналған заттартағы да жіберілетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel