Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк теңгенің құнсызданып, алтынға өтетіні жайлы қауесетке пікір білдірді

Опубликовано:

Желіде бірнеше күннен бері тамызда мемлекетте жаңа валюта - алтын енгізіліп, теңге құнсызданады деген ақпарат тарауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ohayo.co.id
Көрнекі фото: ohayo.co.id: UGC

Қазақстанның Ұлттық Банкі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы Қазақстанның 2019 жылғы тамызда жаңа валютаға – алтынға өту және теңгенің құнсыздануы туралы ақпарат таратылуда.
Аудиохабардағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды шұғыл тәртіппен жинақ ақшасын долларға айырбастауға немесе автомашиналарды, пәтерлерді және т.б. сатып алуға жаңа қарыздарды ресімдеуге шақыруда.
Ұлттық Банк бұл ақпараттың экономикалық қаскүнемдікке шақыратын дәйексіз, арандатушылық ақпарат екендігін ресми түрде хабарлайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардан хабарламадағы дауысты таныған жағдайда +7 727 2704 591 нөміріне қоңырау шалып, банкпен байланысуын сұрайды.

Сондай-ақ Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері арқылы да хабарласуға болады.

Одан бөлек, халықтың ҚР ҰБ-мен өзара іс-қимылына арналған құрал NBK Online әзірленген.

Ұлттық Банк көрінеу жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802177-lttyk-bank-tegeni-zojylyp-altynga-ksiriletini-turaly-kauesetke-pikir-bildirdi/

pixel