Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Қуанышбек Ысқақов келді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды
Қуанышбек Ысқақов. Фото: e-kyzylorda.gov.kz: UGC
"Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Қазақстан президентінің жарлығында.

Тағайындауға дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған Ысқақов экономика, қаржы және тұрғындардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен жұмыспен қамту мәселелеріне жауап берген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аталмыш өңірді басқарған Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802182-kyzylorda-oblysyna-zaa-kim-tagajyndaldy/

pixel