Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала сыртындағы лагерьлер арыстық балаларды қабылдауда

Опубликовано:

Жамбыл ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагеріне Арыс қаласының 101 баласы демалуға келді. Балаларды Тараз қаласына кіре берісте күтіп алып, балмұздақтар үлестірілді. Көтеріңкі көңіл күйде балалар лагерьге жол тартты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Instagram

Лагерлерде балаларға танымдық түрлі ойындар ойналытып, шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшелерін ескере отырып киім-кешектер мен қамтамасыз етілді.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Getty Images

«Болашақ» сауықтыру лагерінде болған уақыттарында балаларды қызықты экскурсиялар, ат маршруттары, туристік жорықтар, балалардың шығармашылық ұжымдарының концерттері, өңірдің табиғи байлығымен және тарихи-мәдени игілігімен таныстыру күтіп тұр. Жазғы дамылыс орындарына келген арыстық балаларға тынығудан бөлек денсаулығын сауықтырға арналған медициналық ем-дом мен алдын-алу қызметтері көрсетіледі және психологиялық көмек жасау жұмыстары да жоспарланған.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Getty Images

«Арыстың балаларына біздің қонақ жайлығымызды, ауданымыздың көрікті жерлерін көрсетуіміз керек. Біз оларды өңірдің тарихи-мәдени игілігімен таныстырамыз. Облыс басшылығының атынан сіздерге демалыс күндерін қызықты әрі танымдық өткізулеріңізге тілектеспіз. Біз өз кезегінде сіздер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз, - деп атап өтті Жамбыл аудандық білім бөлімінің өкілдері.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Getty Images

Айта кетейік, Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан болған апаттан зардап шеккендерге бүкіл еліміз болып көмек қолын созуда. Жамбылдықтар да алғашқы күннен бастап зардап шеккендерге көмек қорын ашып, киім-кешекпен, азық-түлікпен және ақшалай көмектесуде. Оған қоса, апаттан зардап шеккендердің балаларының Жамбыл ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагеріне демалысын ұйымдастыру да қолға алынып отыр.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі: Facebook

Кеше Жуалы ауданындағы «Тау Самалы» сауықтыру кешені Арыс қаласынан келген 10 баланы қабылдады. Арыстық балалар үшін Жуалы ауданының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылады. Оған қоса, түрлі мәдени, спорттық шаралар да қарастырылып отыр.

Алдағы уақытта арыстық 150 баланы облыс аумағындағы лагерьлерге қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802209-kala-syrtyndagy-lagerler-arystyk-balalardy-kabyldauda/

pixel