Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртымнан көріп, ұнатып қалған": Роза Әлқожа күйеуімен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Роза Әлқожа күйеуімен қалай танысқаны туралы бар шындықты айтып берді. Әнші сүйіктісімен алғаш кездесуінде болған оқиғаларды егжейлі-тегжейлі жеткізіп, оқырмандарымен жеке өмірімі жайлы тың мәліметтермен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отағасымен қашан және қалай танысқаны туралы өнер иесі Instagram парақшасында мәлім еткен. Анықталғандай, Роза Әлқожаның жолдасы журналист болып шықты.

"Мен оның атын елден естідім. Он сегіз жасында журналистикаға келген жігіт есімі. Содан сол журналисті көргіміз келетін. Бір күні қыздар отырған бөлмеге екі жігіт кіріп келді. Екіншісі бойшаң, әдемі киінген. Қасындағы жігіт өзіміздің Миха. Содан әлгі жігіт бар қызбен танысты да, мен жаққа келмеді. Ол кезде өте ұяңмын. Ұзын юбка, жеңі ұзын кофта дегендей. Намаз оқитын қызға бір жігітке ентелей барып танысқан ұят сияқты көрінетін.

Анекдот айтып, тағы да басқа әңгімелер айтып, қыздарды қасына жинап алды. Соның алдында үйіме ұялмай ертіп баратын әдемі қаланың бір жігітімен таныссам деген арман болған. Сол осы адам шығар деп қоямын.

Бір кезде өз өзінен жыным келді. Жалғыз отырмын оқшау. Жарықты өшіріп, шамшырақпен отырмыз. Балконға атып шықтым. Бір бірімізге иіле қоймағанымыз жаныма батып кеткен сияқты. Қасыма Жанар деген құрбым келді. "Таныдың ба?"деді. Басымды шайқадым. "Жас Алаштағы" Айдын ғой! "Мә" деппін.

Содан сол жігіт негізі маған келгенін, бір байқауда сыртымнан көріп ұнатып қалғанын жеткізді ғой бір күні! "Жел тимеген, күн тимеген ауылдың қызын алам деп ем" деп мәз ғып қойды. Журналисім менің, меншікті мерекеңмен! Алар асуың, мәртебең биік болсын! Үйіміздің тірегі сен аман бол" , - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802214-syrtymnan-krip-natyp-kalgan-roza-lkoza-kjeuimen-kalaj-tanyskanyn-ajtty/

pixel