Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыс тұрғыны жарылыс кезінде жүз шақты адам қаза тапқанын хабарлаған

Опубликовано:

Желіде Алмасхан Шерипов есімді азаматтың Арыстағы жарылыс кезінде жүз шақты адам қаза тапқанын хабарлаған видеосы пайда болды. Аталмыш бейнежазба қызу талқыға түсіп, елді дүрліктірген деп жазады Tengrinews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Бұл мәлімдемесінен кейін ер адам желіге жаңа видеосын жариялады. Онда ол қала тұрғындары мен барша қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Азамат 150 әскери қызметкер мен 100 жергілікті тұрғынның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады. Ол халықты дүрліктіргені үшін қатты өкінетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін KAZ.NUR.KZ редакциясы жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындары үйлеріне оралып жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1802216-arys-trgyny-zarylys-kezinde-zz-sakty-adam-kaza-tapkanyn-habarlagan/

pixel