Выйти
RU

Түркия президенті Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келіп түсті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: EPA-EFE/STR

Фото: EPA-EFE/STR

"Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына,  қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын" , – делінген жеделхатта.

Түркия Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркия президенті Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты