Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Үйлеріне оралған қала тұрғындары қалай өмір сүруде? (фото, видео)

Опубликовано:

Арыстықтар үйлеріне оралған соң, қаладағы еріктілер қызметінің белсенділігі арта түсті. Баспанасы дін-аман қалған тұрғындар өз шаңырағына оралып жатса, кейбір отбасылардың қайтып барар жері жоқ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/saken.kalkamanov
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov: Facebook

Жарылыс кезінде пәтерлері қирап қалған тұрғындар үшін арнайы уақытша лагерь құрылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Фото: facebook.com/saken.kalkamanov
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov: Facebook
"Ресми түрде мәлімдеймін! Ешкім далада қонып қалмайды. Арыстағы бастауыш мектепте үйі өртеніп кеткендер үшін арнайы уақытша лагерь құрылды. Онда үш уақыт тамақтандыратын асхана, 800 адамға арналған жатын орын мен балалар ойнайтын бөлмелер қарастырылған" , - деп жазды ол өз парақшасында.
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov: Depositphotos

Оған қоса, Қалқаманов жергілікті тұрғындар гуманитарлы көмекке әрдайым жүгіне алатынын жеткізді.

"Арыс тұрғындарына гуманитарлы көмекті үйлеріне жеткізіп беріп жатыр. Ол мұқтаж жандардың тапсырысына сәйкес бөлінеді. Оған қоса, адамдар мекен еткен ауданда орналасқан штабқа өздері келіп жатыр. Қала бойынша жалпы 17 штаб бар. Онда жергілікті халық үшін қажетті азық-түлікпен түрлі тауарлар бар. Гуманитарлы көмек еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатыр" , - деді әкім кеңесшісі.
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802225-arystagy-zarylys-jlerine-oralgan-kala-trgyndary-kalaj-mir-srude-foto-video/

pixel