RU
Қысқа мерзімді курстар сұранысқа сай мамандықтарды оқытады

Қысқа мерзімді курстар сұранысқа сай мамандықтарды оқытады

Рассказать Вконтакте

Ғалымдардың айтуынша, 2050 жылы қазіргі мамандықтардың жартысына жуығын жасанды интеллект алмастырады. Бұл дегеніміз – еңбек нарығындағы қажеттіліктер мен сұраныстар өзгеріп, жаңа кәсіп иелері қажет болады деген сөз. Қазірдің өзінде кейбір мамандықтармен жұмысқа тұру қиындай түсті, соның салдарынан көп жастар жұмыссыз жүр.

Қысқа мерзімді курстар сұранысқа сай мамандықтарды оқытады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 3 жылда жастар арасындағы жұмыссыздық 93 мыңнан 80 мыңға азайған. Дегенмен, осы мәселені шешу үшін елімізде бірқатар кешенді шаралар қолға алынды. Солардың бірі ретінде техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жұмыстарын атауға болады.

Бұл жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Қысқа мерзімді оқыту курстарында көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басымдық берілген. Бастысы, олар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша аз уақыт ішінде оқып шыға алады.

Жобаның жетістіктеріне келер болсақ, 2017 жылы қысқа мерзімді оқыту курсын 68435 адам оқыған. Оның 39461-і жұмысқа орналасқан. Ал 2018 жылы 38766 адам оқып, оның ішінде 29388 адам жұмысқа тұрған.

Осы ретте, назарларыңызға курстан тегін білу алушылар үшін қажетті мәліметтерді ұсынбақпыз.

Курсқа қатысқысы келетіндер үшін қандай құжаттар қажет?

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын

растайтын құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда;

4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У

бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы

туралы анықтама.

Курс қандай мамандықтарды оқытады?

Курстан мынадай мамандықтарды игере алады: визажист, шаштараз, маникюр шебері, электрик, дәнекерлеуші, ток жөндеуші, жүк көтергіш машинисі, сантехник, аспаз, кондитер, тігінші, әкімші, массаж жасаушы, сауда саласындағы менеджер, бағалаушы, анимация және бейнеграфика маманы, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы маман және т.б.

Курсқа кімдер қатыса алады?

Қысқа мерзімді оқыту курстарына Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркелген азаматтар, жасы 29 жасқа толмаған жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, қысқартылған жұмыскерлер қатыса алады.

Оларға қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?

Оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдау болады және 17 мың теңгеге жуық шәкіртақы беріледі. Бұдан бөлек, материалдық көмектің мынадай түрлері көрсетіледі: білім беру ұйымдарынан шалғай аймақта тұратын білім алушылар 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) жолақысы беріледі (оқу орнына баруға және қайтуға); Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Курсқа өтінішті қашан беруге болады?

Қысқа мерзімді оқыту курсынан өтуге арналған өтініштер жыл бойы қабылданады. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына (57-88-88) хабарласып, оқуға жазылуға болады немесе электронды поштаға (cz@astana.kz.) хат жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Қысқа мерзімді оқыту курстары 1 айдан 6 айға дейінгі уақытты қамтиды. Әр мамандықты оқыту уақыты әртүрлі, себебі мамандықтың ерекшелігіне байланысты есептеледі.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel