Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Байбектің әкім болған кездегі жұмысына қандай баға берді?

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті «Nur Otan» партиясы төрағасының жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған КAZ.NUR.KZ.

Елбасы
Фото: Ақорда: Facebook

Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Байбектің тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.    

"Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Елбасы Бауыржан Байбектің партияны және бүкіл мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәулен Әшімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

"Мәулен Әшімбаев партия басшылығында болған кезеңде екі съезд өткізіп, Президент сайлауына қатыстық. Осының бәрі партиямыз үшін зор сынақ болды. Ол табысты жұмыс істеді деп ойлаймын.
«Nur Otan» – еліміздің басты саяси күші. Алдымызда партияның қоғамдағы беделін одан әрі арттыру міндеті тұр", – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының қызметі бүкіл елімізді дамытуға бағытталуға тиіс екендігін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласын басқарған Бауыржан Байбектің «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802247-elbasynur-otan-tragasyny-zaa-birinsi-orynbasaryn-tanystyrdy/

pixel