RU
Сұлулық үшін бетін балықпен емдеген бойжеткен желідегілерді шошытты

Сұлулық үшін бетін балықпен емдеген бойжеткен желідегілерді шошытты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде белгісіз бойжеткеннің балығы бар аквариумға бетімен сүңгіп тұрған видеосы тараған. Қыздың іс-әрекеті желідегілердің үйрейін ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Аталған бейнежазба Instagram-дағы gashyktar_kaz парақшасында пайда болды.

Кадрда бойжеткеннің кішкентай балықтары бар суға басымен сүңгіп тұрғаны бейнеленген. Аталмыш балықтар емдік шараларда қолданылатындықтан, сылқым бет терісін ретке келтіруді мақсат еткен болуы мүмкін.

Желі қолданушылары видео астында кішкентай балықтардың емінен зияны көп екенін алға тартып, түрлі пікірлер жазып қалдырды,

"Ақша берсе де мына процедураға бармайтын едім", "Абай болыңыздар, бұл балықтар негізі қауіпті", "Осыдан да әдемі бола ма адам, жігітсіз қалсам да жасатпас едім", "Бұлар неше түрлі ауру жұқтыруы мүмкін. Көбінесе аяқ тазалағанда жиі қолданылып жатады. Ал дәл мына балықтардың жаңадан туғанына ешкім кепіл бола алмайды", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
3
10
3
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel