RU
Арыстағы жарылыс полиция қызметкерінің 16 адамнан тұратын отбасын ойрандаған

Арыстағы жарылыс полиция қызметкерінің 16 адамнан тұратын отбасын ойрандаған

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыс салдарынан полиция қызметкерінің отбасы ойрандалды. Снаряд бір шаңырақ астында 16 адам тұрып жатқан бірлігі мен берекесі ұйыған әулеттің шаңырағына түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Арыс аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының полицейі Бағлан Жарылқасымов сол күні болған жағдайдың мән-жайын баяндап берді.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Мен Арыстағы жойқын жарылыстан алдын, яғни 22 маусымда кезекті еңбек демалысына шыққан болатынмын. Әдеттегідей отбасыммен бірге демалуды жоспарладым. Мен отбасыммен бірге үлкен ағам және​ анам Злихамен тұрамын. Ағамда 5, ал менде 6 бала бар. Ең кішкентайым​ Алинұр 4 айлық. Біздің отбасымыз үлкен және ұйымшыл. Бір шаңырақтың астында 16 адам бірге өмір сүреміз. 
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

24 маусым күні таңертең ерте оянып, үй шаруаларымен айналысып, содан соң отбасымыз және анаммен бірге дастархан басына жиналдық.​ Таңғы сағат 9-дар шамасында,​ біз азанғы асымызды ішіп жатқанда, қатты дүмпуді естідік, одан тіпті үй дірілдеп, қатты толқын әйнектер мен есіктерді жұлып кетті.

Анам мен балаларды тездетіп жинап, бесікте жатқан кішкентай 4 айлық ұлымды шешіп алып, сыртқа шығып үлгердім.​ Содан кейін бәріміз жолмен жүгірдік. Бізбен бірге көршілеріміз де қаша жөнелді. Барлығының көзінен қорқыныш көрінді. Ешкімнің өлгісі жоқ. Мұның барлығы қорқынышты фильм секілді болып жатты. Шамамен қауіпсіз жерге шыққаннан кейін, барлық жақындарымды ағама тапсырдым да, өзім аудандық полиция бөліміне қарай жүгірдім. Ағам көршілермен бірге Шымкентке қарай шығып кетті, ал мен қалада қалдым.​ 
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

24-27 маусым аралығындағы күндерде әріптестеріммен бірге қызметімді атқардым. Адамдарға қаладан кетуге, ал үйлерін тастап кетуден бас тартқан тұрғындарға ас пен су апарып көмегімізді көрсеттік.​ Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы төтенше жағдай режимінде жұмыс атқарды.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Алайда, қалада жарылыстар жалғасса да, полиция жұмысын бір сәтке де тоқтатпады. Жарылыстар басылған соң, біз көшелерді торуылдап, эвакуацияланған тұрғындардың үйін тонап кетпес үшін күшейтілген режимде жұмыс істедік. Тіпті өзімнің үйіме оралып, ол жерде кімнің қалғанын көруге уақытым да болмады. 

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттен келген туыстарыммен қатар, әйелім екеуміз де 28-маусымда үйімізге оралдық.​ Әйелім мен әпкем үйді көріп жылап жіберді. Себебі, барлығымыдың басымызды бір дастарханда жинайтын үйіміздің шаңырағы шайқалып ортасына түскен. Снаряд біздің үйімізді де айналып өтпепті. 
Негізі біз жарылыс болған маңға жақын орналасқан екінші секторда тұрамыз. Мен дер кезінде жарылмаған снарядты байқап қалып, саперларды шақырдым. Бұл жағдайға күлейін бе әлде жылайын ба, алайда снаряд байлаулы тұрған жылқымның құйрығына оралып қалған. Көзіңізге елестетіңізші? Мүмкін бұл жылқы менің үйімді аман алып қалуға келген қорғаушы періштем болар?
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Әзірге менің жақындарым, туыстарым мен таныстарым қалаға оралып жатыр, ал мен өз қызметімді атқарып, жерлестеріме қаланы қалпына келтіруге көмектесуім керек. Президентіміз бізге көмектесуге уәде беріп, көңілімізге үміт ұялатты және мен оған толық сенемін", - деді ол.​ ​ ​ ​ ​ ​ 

Сіздің реакцияңыз
9
2
2
42
2
8
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel