Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазаққа бір тіл керек": Елордада шеруге шыққандар ана тілі мəселесін көтерді (фото)

Опубликовано:

Елордада өтіп жатқан бейбіт шеруде тұрғындар тіл, жер сияқты өзекті мəселелерді көтеріп, билікке өз талаптарын айтуда. Шеруге қатысушылар қазақ тілі мəртебесін көтеру қажеттігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазаққа бір тіл керек: Елордада шеруге шыққандар ана тілі мəселесін көтерді (фото)
"Бізге екі тіл керек емес. Қазақстанда бір ғана тіл болу керек, ол - қазақ тілі", - деді шеруде сөз алғандардың бірі. Шеруде кешегі Арыс мəселесі де назардан тыс қалмады.
"Жарылыс болғаннан кейін 5 күн өткеннен кейін қираған үйлеріне көшсін дейді. Қалай көшіп келеді олар? Үйінді ғана қалған ол жерде. Осының бəрін билік тез арада шешсін, біз соны талап етеміз", - деді шеруде сөз алғандар.

Естеріңізге сала кетсек, елорда уақытымен 11:00-де басталған бейбіт шеруде қозғалған алғашқы мәселелердің бірі - АЭС болды.

Сондай-ақ, митингке қатысушылар жер мәселесін де қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802303-kazakka-bir-til-kerek-elordada-seruge-sykkandar-ana-tili-mselesin-kterdi-foto/

pixel