RU
"Әр балаға 42 мың теңге": Елордалық көп балалы ана билікке өз талаптарын айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Әр балаға 42 мың теңге": Елордалық көп балалы ана билікке өз талаптарын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Елордада өтіп жатқан бейбіт шеру барысында көп балалы аналар да өз талаптарын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Шеруге шыққандардың арасында көп балалы аналар да болды. Олар əр балаға 42 мың теңге берілсін деген талап қойды.

"Біз атаулы əлеуметтік көмек керек деген талап қоймадық. Оны берген күннің өзінде əр балаға 42 мың теңге берілсін деген талап қойдық. Қазір сол көмекті аламын деп ажырасып жатқан отбасылар көп. Міне осы мəселені де шешу керек. Себебі мемлекеттің өзі ажырасуға себеп болып отыр", - деді көп балалы ана.

Сондай-ақ ол көп балалы аналардың баспана мəселесі шешілсін деген талап қойды.

"Біздің басты мəселе баспана мəселесі. Біз көп балалы аналар балаларымызбен подвалда, времянкада өмір сүреміз. Осы проблема қашан шешіледі? Баспанасыз босып жүргендер қашан баспаналы боламыз?", - деді көп балалы ана.

Естеріңізге сала кетсек, елорда уақытымен 11:00-де басталған бейбіт шеруде қозғалған алғашқы мәселелердің бірі - АЭС болды.

Сондай-ақ, митингке қатысушылар тіл мен жер мәселесін де қозғады.

Сіздің реакцияңыз
17
0
2
2
3
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel