RU
Шайтанмен жүздескенін айтқан ақтөбелік жүргізуші оқиғасымен бөлісті

Шайтанмен жүздескенін айтқан ақтөбелік жүргізуші оқиғасымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік жүргізуші шайтанмен адамдарша сөйлесіп, құмға батқан машинасын солармен бірге итергенін сөз етті. Адам кейпіне енген мақұлық жолаушыларға тұрғындары көшіп кеткен бұзылған ауылдан кездескен екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 1zoom.ru

Фото: 1zoom.ru

"Оқиға өткен жылы болды. Ақтөбе облысының Қобда ауданынан Ойылға қарай шығатын тікелей жол бар. Соның 13 шақырымынан иесіз ауыл кездеседі. Адам жоқ, саманнан салынған үйлер бұзылып жатыр. Қас қарайғанда досым екеуміз сол ауылдың үстімен өттік. Тап сол тұста машинамыз тоқтап қалды.

Екеулеп құмнан шығара алмаймыз-ау деп отырғанбыз. Сырттан адамдардың күбірі естілді. Қараңғыда адамдардың даусы қаттырақ шығады. Үш жігіт екен. Денелері ірі, үшеуі де қатарлас, әңгімелесіп келе жатқан олар бізге жақындап қалды. Келе: "Жігіттер, көмек керек пе? Қане, машинаны итерісіп жіберейік" деп машинаға жабысты.

Біз қуанып, жолдас бала рөлге, мен артқа олармен итеруге жүгірдім. Олар тоқтамай сөйлеп, бірдеңелерді айтып жатыр. Біреуінің қолына көзім түскенде бойым мұздап кетті. Біздің қолымыз алға қарай көтеріледі емес пе, ал олардың саусақтары да, алақаны да астыға түсіп кеткен.
Үшеуінде де қолдары бірдей. Аяқтары да теріс қарап тұр. Бірден жүгіріп машинаға міндім. "Бисмиллях" деп бар білетін дұғамызды айтып жатырмыз. Сол кезде соңымнан ілесіп келген олар жоқ болып кетті", - дейді такси жүргізушісі.

Жолаушылар бұзылған ауылда таңға дейін көз ілмей, машинаның ішінде дұға сөздер айтып отырған. Таң атқанда ғана машиналарын өздері шығарып, жолға шыққан.

"Ол ауылдың үстінен ешкім қас қарайғанда жүрмейді екен. Оны кейін білдік. Айтса тылсым оқиға сияқты. Өзіме біреу "шайтан көрдім" десе сенбес едім. Көзіммен көргеннен кейін жамандықтан қорғайтын дұғаны жаттап алдым", - дейді такси жүргізушісі.
Сіздің реакцияңыз
37
44
30
23
4
10
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel