RU

Игорь Крутой Димаштың концертінде Қазақстанға сезімін білдірді

Игорь Крутой Нұр-Сұлтандағы Димаш Құдайбергеннің концертіндегі қонақтардың бірі болды. Маэстро Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдірді деп хабарлайды Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Ол қазақстандық әншінің талантына тәнті екенін айтты.

"Мен Қазақстанды өте жақсы көремін! Димаштың шығармашылығын жақсы көремін! Менің шығармашылығым сұранысқа ие болып тұрғанша осы тамаша әнші үшін ән шығаратын боламын деп уәде беремін", - деді композитор.

Димаш жылы лебізі үшін Крутойға алғысын білдірді.

Содан кейін Димаш "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған кезде Игорь Яковлевич әншіні рояльмен сүйемелдеп тұрды.

Айта кетейік кетейік, Димаштың жеке концерті техникалық ақаулардан басталғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1802318-igor-krutoj-dimasty-koncertinde-kazakstanga-sezimin-bildirdi.html