RU
Ноғаев Теңіздегі жанжалға қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Ноғаев Теңіздегі жанжалға қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" жұмыс кентінде болып, "Теңізшевройл" басшылығымен және "ССЕР" фирмасының қызметкерлерімен кездесті. Ол кешегі өткен жанжалды талқылады деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтемее жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жанжал нәтижесінде 30 адам зардап шекті, олар жеңіл дене жарақатын алды.

Хабарламада айтылғандай, кен орнындағы еңбекті ұйымдастыруға қатысты мәселелерді зерттеумен арнайы ведомствоаралық комиссия айналысатын болады.

Комиссияны облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады.

"Бұл мәселе әр түрлі еңбек жағдайларына байланысты туындады. Оны ТШО басшылығы да, барлық мердігерлер де шешешуі керек", - деді Ноғаев.

Ол әкімдік бұл мәселеде барынша қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

"Инвесторлар еліміздің аумағында жұмыс істей отырып, заңнаманы, сондай-ақ тең құқықты қорлайтын моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажет екенін түсінуі тіис. Жақын арада біз жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз, онда компаниялардың барлық бірінші басшылары қатысатын болады, осы мәселелерді шешетін боламыз. Ең бастысы - еңбек жағдайы барлығына тең болуы тиіс", - деп атап өтті әкім.

"Теңізшевройл" ЖШС Бас директоры Имер Боннер компания жанжалды реттеу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, мұндай оқиғалар бұдан былай қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қолданылатын болады.

"Біз жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына шиеленісті жылдам реттеуге көмектескені үшін ризамыз. Өз тарапымыздан ССЕР компаниясына, сондай-ақ басқа да мердігерлік ұйымдарға қатысты жұмыс жүргіземіз", - деп сендірді Боннер.

Кездесу барысында олар әкімнен және компания басшылығынан жұмысты тоқтатпауды сұрады.

"Біз әр түрлі еңбек жағдайларына қатысты мәселемен айналысатын облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған ведомствоаралық комиссия құрдық. Сіз комиссия құрамына өз өкілдерін қоса аласыз, менің әріптестерім сізге өз нөмірлерін қалдырды, жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды берейік", - деп атап өтті Ноғаев.

Ол сондай-ақ, жұмыс кестесіне ешқандай өзгерістер енгізілмейтінін атап өтті, компания штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, теңіздегі жанжал желіге түсірілген фотоға байланысты өршіп кетті. Суретті жариялаған шетелдік азамат кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
3
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel