RU
"Менің көмекшім емес": Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері туралы айтты

"Менің көмекшім емес": Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері туралы айтты

Рассказать Вконтакте

ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов 11 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған министрлік қызметкеріне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бірден айтайын, бұл қызметкер менің көмекшім емес. Мүмкін ол штаттық кесте бойынша министрлікте көмекші ретінде есепте тұрған шығар", - деп түсіндірді министр.

Cондай-ақ ол министр лауазымына тағайындалған сәттен бері кадрлық конкурстық комиссия өткізілмегенін, яғни, өзі жұмысқа ешкімді қабылдамағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, БҒМ жауапты хатшысының көмекшісі 11 млн теңге жымқырды деген күдікпен қолға түсті.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel