Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жастағы қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 90 секундта жеңді

Опубликовано:

Садриддин Ахмедов өзінің кәсіби мансабында кезекті жекпе-жегін өткізді. Жас боксшы өз қарсыласын 90 секундта жеңді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл жолы қазақстандыққа мексикалық спортшы Даниэль Вега Кота қарсы шықты. Жекпе-жек 8 раундқа созыла деп күтілген, алайда бірінші раундта аяқталды.

90 секунд ішінде Садриддин қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Кейіннен төреші айқасты тоқтатты.

21 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіптік бокстағы 9-шы жеңіс, сонымен қатар Ахмедовтың 2 чемпиондық белдеуі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802333-21-zastagy-kazakstandyk-bokssy-meksikalyk-karsylasyn-90-sekundta-zedi/

pixel