RU
Талдықорғанда полицейлер батып бара жатқан 11 жастағы баланы құтқарып қалды

Талдықорғанда полицейлер батып бара жатқан 11 жастағы баланы құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда полицейлер Қаратал өзеніне батып кете жаздаған 11 жастағы баланы құтқарып қалды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы облысы ПД

Фото: Алматы облысы ПД

Баланың анасы оны дүкенге, нан әкелуге жіберген. Алайда ұлының үйге оралмай жатқанынан секем алған әйел адам дабыл қаға бастады.

Баланы іздестіруге шыққан туғандары көпірдің жанынан баланың заттарын, дүкеннен сатып алған азық-түлікті тауып алған.

Олар полицейлерді шақырды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары іздестіру барысында өзеннің ортасынан баланы байқап қалған. Оны қатты ағыс шайып әкетіп жатты. Баланы ұстап, құтқару тек келесі көпірге жеткенде ғана мүмкін болды.

ДП-да атап өткендей, келесі көпір баланың заттары табылған жерден 2 шақырым жерде орналасқан.

іздің патрульдер Айдар Карабаланов, Руслан Тезекбаев және СОБР жауынгері Нұрбол Мегзам күшті ағымға қарамастан, суға батып бара жатқан балаға жүзіп барып, оны судан алып шықты", - деп айтылды ведомствода.

Баланың туыстары тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel