Выйти
RU

11 жастағы бала Арысты қалпына келтіруге ат салысып жүр (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Арыс тұрғындарына көмектесіп жүрген Айдос есімді 11 жасар бала туралы айтып берді. Кішкентай батыр туралы ол Facebook парақшасына жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалқаманов тұрғындар қалаға қайтып оралғаннан кейін баланың көлікке жүк тиеп, зардап шеккендерге арналған пакеттерді дайындап, жүк тасушыларға су апарып жүргенін жазды.

Айдос 7-ші сыныпта оқиды.

"Арыс өзінің тұрғынымен мақтана алады. Баланың бойы кішкентай, бірақ жүрегі кең", - деп жазады Қалқаманов кішкентай бала туралы.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары өз үйлеріне орала бастады.

Сондай-ақ, полиция қызметкері жарылыстың салдарынан 16 адамнан тұратын отбасының ойран болғанын айтқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш Құдайберген өзінің концертінен алған ақшасының бір бөлігін Арыс тұрғындарына беруге шешім қабылдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
11 жастағы бала Арысты қалпына келтіруге ат салысып жүр (фото, видео)