Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатына кінәлі болып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде республикалық іздеуде жүрген 29 жасар ер адам ұсталды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында жол апатына кәнілі болып, қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Ер адам сот қаулысына сәйкес іздеуде жүрген. Полиция ақпараты бойынша, аталған азамат өткен жылдың күзінде жол-көлік апатына түскен.

Салдарынан оның көлігінің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатта берген, ол сотқа келмей, қашып жүрді. Осыдан кейін ер адамға іздестіру жарияланды.

Іле ауданының тәртіп сақшылары қашқынды ұстау үшін үлкен жұмыс атқарды. Олар оның көрші ауданның шалғай шаруашылықтарының бірінде болуы мүмкін екенін анықтады. Ер адам ұсталды және қамауға алынды.

Полиция оның жақын арада сот алдында жауап беретінін айтып, сендірді. Сондай-ақ, қылмыскердің жазадан қашу әрекеті де қаралатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802343-almaty-oblysynda-zol-apatyna-knili-bolyp-kasyp-ketken-er-adam-staldy/

pixel