RU
Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен жігіт 25 жылға сотталды

Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен жігіт 25 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында ерлі-зайыптыны өлтірген азаматқа сот үкімі шықты. 28 жастағы жігіт 25 жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Хабар 24

Көрнекі сурет: Хабар 24

Елдің жағасын ұстатқан қанды оқиға осы жылдың ақпан айында болған. Сотталушы бесінен алтысына қараған түні сағат 01:00 шамасында Шымкенттегі Байтұрсынов көшесінде орналасқан үйге қаруланып барған.

Ол жертөледе орналасқан асхананың терезесін өзімен алып келген бұрандамен ашып, үйге кіреді. Бірінші қабаттағы бөлмеде жерде жатқан үй иесі енді бұрылып қарай бергенде оның басынан бір атқан.

Жатын бөлмедегі үй иесінің жұбайының тұрып жатқанын байқаған сотталушы лезде асханадан асхана пышағын алып ұмтылған. Қылмыскер жәбірленуші әйелдің мойын, кеуде торы, іш қуысынан пышақтаған. Алған жарақаттардан үй иесінің әйелі де жан тапсырған.

Одан соң жатын бөлмеден екі млн 300 мың теңге, сондай ақ жалпы құны 1 690 000 теңге тұратын әшекейін алып кетеді. Ойындағысын іске асырған ол оқиға орнынан қашып кеткенімен, 16 ақпан күні полицейлердің қолына түскен. Сотталушы марқұм жәбірленушілердің көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Оған Қылмыстық Кодекстің 287-бабының үшінші бөлігімен, 99-бабының екінші бөлігі бірінші және сегізінші тармақтарымен, 192 бабының үшінші бөлігінің екінші тармағымен айып тағылып, кінәлі деп танылды.

"Е.Қ-ға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1,8-тармақтарымен 15 (он бес) жыл мерзімге, 192-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен 8 (сегіз) жыл мерзімге, 287-бабының 3-бөлігімен 2 (екі) жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, тағайындалған жазаларды толық қосу жолымен Е.Д.Құлахметовке түпкілікті 25 (жиырма бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған", - деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енбеген.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні түнде Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен болатын.

Кейін полиция департаменті отбасылы ерлі-зайыптының өліміне күдікті ретінде 27 жастағы жергілікті тұрғын ұстағанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel