Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзі ісіне адал арыстық күзетші жарылыс кезінде жұмыс орнын тастап қашпаған

Опубликовано:

Арыстағы жарылыс кезінде зәресі ұшқан халық қашып жатқанда, Пернехан Бекмырзаев есімді азамат жұмысында қала беруді жөн көрген. Өз ісіне адал күзетші басшылықтың нұсқауын күткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Анықталғандай, Пернехан Бекмырзаев көп жылдан бері банкте күзетші болып қызмет етіп келе жатыр.

"Біз тәртіп бойынша басшылықтың рұқсатынсыз ешқайда кетпеуіміз керек. Өйткені өзіңіз білесіз, банктің жұмысы өте жауапты. Сондықтан да мен жарылыс болып жатқан кезде, қауіпті білсем де өз жұмыс орнымда болып, басшылықтан нұсқаулық күттім" , - дейді ер адам.

Арыстық тұрғын өзінің бұл әрекетін батырлыққа теңемейтінін жеткізді.

"Менің орнымда болған әрбір адам осылай істейтін еді, жалпы кәсіпке деген адалдық болу қажет" , - дейді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802367-zi-isine-adal-arystyk-kzetsi-zarylys-kezinde-zmys-ornyn-tastap-kaspagan/

pixel