Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық журналист Зеленскийдің туған үйінде қонақта болды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық журналист Украина президенті Владимир Зеленскийдің ата-анасының үйінде қонақта болып қайтты. Аида Хаметжанова украин көшбасшысының әке-шешесімен болған кездесуі қалай өткенін "Замана" басылымына баяндап берді.

Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Қазіргі таңда, фрилансерлік қызметпен айналысып жүрген Аида Ахметжанова бұған дейін ұзақ жылдар бойы "Хабар" арнасының Украинадағы меншікті тілшісі болған.

Аиданың сөзінше, Зеленскийдің ата-анасына барарда оларға алдын ала хабарласып, ескертпеген. Президентті тәрбиелеп өсірген адамдармен тынысып, тілдесу журналистің жеке қалауы болып шықты.

Аида Зеленскийлер әулетінің өзін жылы қарсы алғанын айтады.

"Өте жақсы қарсы алды. Киевтен кешкі сағат 22.00-де шығып, таңғы алтыда Кривой Рог деген жерде болдым. Екі қаланың ортасы шамамен 400 шақырымды құрайды. Ол кісілер есіктерін тарс жауып, телефонды көтермей қойса да болар еді. Алайда, олар менің алыстан келгенімді ескеріп, мені жылы қабылдады" , - деп бастады әңгімесін журналист.
Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: Instagram

Тілшінің сөзінше, отасқандарына 42 жыл болған ерлі-зайыптылар әлі де бір-бірінің қолынан ұстап, бір-біріне жылы қарайды екен. Бұдан ол өмірге құштар әрі психикасы дұрыс перзент тәрбилеуде отбасыдағы махаббат ерекше рөл ойнайтынын түйген.

Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: Instagram
"Зеленскийдің ата-анасына бару – бұл менің өз ше­шімім. Алдын-ала хабарласып, ескертпедім. Бәрі аяқ астынан болғанын қаладым. Себебі украин жур­налистері бірнеше рет хабарласып, сұхбат ала алмаған. Мен сол үйге кірген тұңғыш журналист шығармын деп ойлаймын.
Кездесу барысында олардың өте қарапайым отбасы екенін білдім. Зеленскийдің әкесі – профессор, техника саласының маманы, Қазақстан, Ресей, Монғолия ел­дерінің тау-кен өндіріс орындарында, шахталарында жұмыс істеген" , - дейді қазақстандық журналист.
Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: Twitter

Аида Зеленскийдің ата-анасынан бірінші кезекте президентті қалай тәрбилеуге болатынын сұраған. Олар өз кезегінде, "президент емес, адам тәрбиеледік" деп жауап берген.

Александр Семеновичтің бала тәрбиесіндегі ең негізгі ұстанымы – балаға кедергі келтірмеу екен. "Егер де ол бір істі қа­лап тұрса, рұқсат беріп, бетін қайтармаған дұрыс" дейді Зеленскийдің әкесі.

Сонымен қатар отағасы Владимир тек сабақты дұрыс оқымағаны үшін өзінен өмі­рінде бір рет таяқ жегенін де жасырмады.

Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: Twitter

Журналистің айтуынша, президенттің ата-анасы үшін материалдық байлық аса маңызды емес. Оған үйлеріндегі қарапайым жиһаздары дәлел болмақ.

"Пре­зидент ата-анасының үйі деп ешкім ойламас. Әкесі өте көңілді, қалжың айта білетін, езуі жиылмайтын адам екен. Ұлына әртістік қанмен берілген нәрсе болса керек. Ұлы көлік алып бермек болған кезде одан бас тартыпты. Әкесі "Lanos" маркалы ескі көлікпен жүр" , - дейді Аида.

Зеленскийлер шетелге шығып демалуды да аса ұнатпайтындарын жасырмады.

"Шетелге баруға асықпаймын. Мен әлі Украинаны то­лық аралап көрген жоқпын. Бізге мейрамханадан тамақтанудың қажеті қажеті жоқ, әдемі көйлек киіп, қыдырып жүретін жаста емес­піз" , – дейді Александр Зеленский.

Оған қоса, Аида Рахметжанова Украина басшысының қазақтарға деген көзқарасы өте жақсы екенін жеткізді. Отандық журналист Владимир Зеленскийден президент сайлауына дейін де, одан кейін де сұхбат алған.

Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі. Елена Зеленская, Римма Зеленская мен Александр Зеленский.Фото: ICTV
Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі. Елена Зеленская, Римма Зеленская мен Александр Зеленский.Фото: ICTV: Getty Images

Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802379-kazakstandyk-zurnalist-zelenskijdi-ata-anasyny-jinde-konakta-boldy/

pixel