Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі түрік актері Бурак Өзчивит Қазақстанға келді (видео)

Опубликовано:

Әйгілі түрік актері, талай қыздың арманына айналған Бурак Өзчивит Қазақстанға келді. Актер 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өтетін "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатында бой көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ burakozcivit
Фото: Instagram/ burakozcivit: Twitter

Осы уақытқа дейін әлемге аты танылып үлгерген сері жігіт Қазақстанға ат басын бұрды.

Ол 30 елден 30-дан аса туынды қатысатын XV "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылуына қатысты. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін шара 30 маусымнан бастап 6 шілдеге дейін жалғасады.

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, фестивальдің әділқазылар алқасы құрамында шетелден арнайы шақыртылған кино саласының үздік мамандары бар, және олар негізгі байқау, қысқа метражды фильмдер және анимациялық туындылар бойынша үш құрамда жұмыс істейтін болады.

Актердің өзі Қазақстанда түскен суретін Instagram парақшасындағы Stories бөліміне жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802381-jgili-trik-akteri-burak-zcivit-kazakstanga-keldi-video/

pixel