RU
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады (видео)

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркелгенін айтып, осы орайда оңтүстік астана тұрғындарына үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа қызметіне кіріскен шенеунік қала тұрғындарының алдындағы асқан жауапкершілігін сезінетінін жеткізді.

"Құрметті алматылықтыр! Алматы қаласының міндетіне кірісе отырып, мен сіздердің, қала тұрғындары алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін.
Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі.
Менің басты мақсатым - Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге тізе қосып, еңбек ету арқылы қол жеткізе аламыз.Сондықтан сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру мен үшін өте маңызды.
Қаланың проблемалары мен даму стратегияларын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік" , - дейді Сағынтаев.

Еске сала кетейік, 28 маусым күні Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметте ол шаһарды төрт жыл басқарған Бауыржан Байбекті алмастырған.

Ал оңтүстік астананың бұрынғы әкімі "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауысты.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel