Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Бурак Өзчивитпен болған ғажайып кездесуі жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Арулардың арманына айналған түрік актері Бурак Өзчивит осымен екінші рет Қазақстанға ат басын бұрды. "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысқан ол табынушылардың махаббатын одан сайын арттыра түсті. Ал сол жиында актерді көруге келіп, ойда-жоқта түрік серісімен бір көлікте отырған қыз таңғажайып кездесуі туралы баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ burakozcivitmysoul, kuanysheva.s
Фото: Instagram/ burakozcivitmysoul, kuanysheva.s: Twitter

Қуанышева Сабина есімді желі қолданушысы орындалған арманы жайлы Instagram парақшасында жазған.

"Мен жылап отырмын. Ол табынушыларымен суретке түскісі келді, бірақ күзетшілер рұқсат бермеді. Ақырында Бурак Өзчивиттің күзетшісі мені қолымнан ұстап, онымен бір көлікке отырғызды. Ештеңе түсінбедім, әлі де шок болып отырмын.
29 күні түнде жатып, осы кездесу туралы ойлаған едім. Маған оны жай көрсем де жеткілікті еді, бірақ бәрі одан да керемет әрі күтпеген жерден болып кетті.
Армандаңыздар, армандар орындалады, ойлар жүзеге асады. Бақыт үшін басқа ештеңе керек емес", - деп жазды ол.

Бақытты бойжеткен осы мүмкіндік үшін "Еуразия" халықаралық финофестивалін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802385-bir-klikte-otyrdym-burak-zcivitke-gasyk-kyz-ktpegen-kezdesui-turaly-ajtty-video/

pixel