Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алты мәрте аударылған": Гүлзира Айдарбекова Қайрат түскен ауыр жол апатын еске алды

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың өмірінде болған аса ауыр жол апаты туралы айтып берді. Әншінің анасы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасын еске алып, ешкімге тіс жармаған мәліметтермен бөлісті деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекованың айтуынша, ұлы түскен аса ауыр жол апатында оның көлігі алты мәрте аударылған. Оған қоса, отандық продюсер Қайраттың үнемі көзілдірік киюі осы оқиғамен байланысты екенін ашып айтты.

"Көпшілік неге көзілдірік киеді деп сұрап жатады. Біз тыртығы бар екенін айтамыз. Тыртық болған кезде Қайрат оны көзілдірік киіп жасырып, үйреніп кетті.
Сол кезде Қытайға ұшып бара жатқан болатынбыз. Құрбым киіз үйде қуырдақ жасап, самаурын қойып күтті. Қайрат келіп, шай ішеді деп күтті. Қайрат сонымен жоқ, келмейді. Телефон соғып едім, "қазір келемін" деп айтты. Енді екі сағат қалды ұшуға. Шетел болған соң, ертерек бару керек. Жүрегім тулай бастады. Құрбымның күйеуіне қайта-қайта қоңырау шалуға қорқып тұрғанымды айтып, Қайратқа хабарласып жағдайды сұрауын өтіндім.
Жүрегім аузыма тығылып жатыр. Телефонды алды да, бірден түрі бұзылып кетті. "Не болды? Қайда?" деп айқайлап жіберді. Басым істемей қалды. Кетіп қалды деп ойладым. Көзімнен жас тоқтамай ақты. Не болып, не болғанын білмей қалдым. Кішкенден соң, есімді жинадым.
Сөйтсем, жол апатына түскенін айтты. Алты мәрте аударылған. Терезесінен қатты ұшып кетіп, сынықтардың бәрі арқасына, көзіне кірген. Мен барғанда есінен танып жатыр екен. Ұшқындары қалып қойыпты. Кейін біз Қытайға барғанда тағы сынықтарын шығарды" , - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802396-alty-mrte-audarylgan-glzira-ajdarbekova-kajrat-nrtas-tsken-auyr-zol-apatyn-eske-aldy/

pixel