Выйти
RU

Тоқаев Ресейдегі қайғылы жағдайға байланысты Путинге көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан.

"Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, Ресейдің Иркутск облысында су тасқыны болып, соның салдарынан бес адам қаза тауып, мыңдағай тұрғын үй судың астында қалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Ресейдегі қайғылы жағдайға байланысты Путинге көңіл айтты